СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗ КЕМЕҢГЕР!
Бізге дәл қазір қоңырау шалыңыз және біз
сізге бұны дәлелдейміз!
8 707 497 92 29

Менталдық арифметикалық сұрақтар




1. Мен сіздер балаларды менталдық арифметикаға оқытады дегенді газеттен оқыдым. Бұл не дегені?
Mailim орталығындағы Менталдық Арифметика - бұл ауызша есептеу жүйесіне негізделген 5 пен 16 жас аралығындағы балалардың ойлау қабілетін дамытудың бірегей әдістемесі. Осы әдістеме бойынша оқыған бала қосу, азайту, көбейту, бөлу, квадрат түбірін есептеу сияқты кез келген арифметикалық есептерді ойда қалькуляторсыз бірнеше секунд ішінде шеше алады. Бала математикалық есепті сандарды суреттер ретінде қабылдап шеше бастайды – әр нақты сан шоттардың тастарындағы тиісті бейнемен байланыстырылады.
2. Балаларды неше жастан қабылдайсыздар?
Менталдық арифметиканы оқытуды 4,5 жастан бастауға болады . Ал 5-6 жастан бастау ең тиімді болады. Ғалымдардың деректеріне сәйкес, 16 жасқа дейін бас миы ең қарқынды дамиды. Осы кезеңде балаларда мидың иілімділігі (өз-өзін түзетуге қабілеттілігі) байқалады, бұл ми жасушаларының өсуіне және олар арасында нейрондық байланыстардың пайда болуына мүмкіндік жасайды. 16 жастан бастап та оқуға болады, тек онда даму неғұрлым баяу жүреді.
3. Бізге математика пәнінен көмек қажет, көмектесе аласыз ба?
Біз балаларға арифметиканы оқытамыз. Бұл қосу, азайту, көбейту, бөлу есептерін шығару және пайыздарды есептеу. Ал математика бұл арифметикадан анағұрлым кең пән, балалар есептеу әрекеттерінен басқа күрделі есептерді, теңдеулерді және тағы басқаларды өтеді. Әрине, біздің орталығымызда оқыған бала есептерді мектептегі мұғалімнен де жылдам шеше алатын болады. Ал егер бала есепті қалай дұрыс жазу қажет екенін (есепті ресімдеу) немесе теңгеруді қалай кезең-кезеңмен жазу қажет екенін білмесе, менталдық арифметика тікелей көмектесе алмайды. Сізге баламен бірге отырып, оған түсінуге көмектесуге тура келеді.
4. Сабаққа аптасына неше рет қатысу қажет?
Аптасына бір рет біздің орталығымызда бала тек қана жаңа тақырыпты өтеді . Ал оны жұмыс дәптеріндегі үй тапсырмасы арқылы және компьютердегі онлайн кабинетте күн сайын 15 минуттан бекітетін болады. Тек күн сайын 10-15 минуттан айналысқанда ғана бала менталдық есеп дағдысына ие болады.
5. Сабақ неше сағат өтеді?
Сабақтың ұзақтылығы 2 сағат (баланың жасына байланысты 1 сағат)
6. Екі сағат отыру өте қиын, балалар шаршамайды ма?
Сабақтар көңілді өту үшін, балалар тек қана есептеумен айналыспайды. Олар дамытушы ойындарға қатысады. Жадты, зейінді, қиялды дамытуға арналған, тіпті көз бен келбет үшін жаттығуларды орындайды.
7. Осы бағдарлама қай уақытқа әзірленген ?
Бағдарлама балалардың жастық мүмкіндіктерін ескере отырып, әзірленген. Бірақ толық курсты балалар 2,5-3 жыл ішінде меңгереді.
8. Тағы да бірдеме алу керек пе?
Иә, әрине, үйде және орталықта жұмыс істеу үшін абакус пен дәптерлер жинағын алу қажет, олар 3-4 айлық толық деңгейге арналған.
9. 7-9 жастағы балаға менталдық арифметика не керек, ол өзі де жақсы есептейді?
Әдістеменің бірегейлігі — мидың жартылай шарларының үйлесімді дамуында. Әдеттегі бағдарламалар негізінде оң жақ жартылай шардан онсыз да 95% асып түсетін сол жақ жартылай шарға сүйенеді. Жартылай шарлардың екеуін де дамытқанда, бала өз-өзіне сенімді, жиналған, егжей-тегжейлерге мұқият болады, шетел тілдерін оңай уйренеді және өзін оқуда да, кейінгі жұмыста да табысты іске асырады.
10. Топта неше адам оқиды?
Топтар 4-8 адамға шамаланған. Сондай-ақ, біз жеке сабақтарды да өткіземіз.
11. Осы Әдістеме ересек адамдарға жарайды ма?
Иә, Сіз балаларыңызбен үйде оқи аласыз. Азия мен Америкада осы әдістемені Альцгеймер ауруының, кәрілік жарыместіктің алдын алу үшін пайдаланады. Менталдық арифметика – сіздің миыңыз үшін гимнастика.
12. Ер бала тобында болса, ата-аналар алғашқы сабақтарға қатыса алады.
Балаға алғашқы кезеңде көмектесу үшін. Осы мақсатта біз ата -аналарды балалармен бірге тұсаукесер рәсіміне (алғашқы сабаққа) қатысуға шақырамыз.
13. Егер бала бағдарламадан қалып қойса немесе тақырыпты түсіндей қалса, мен оны қалай түсіндіремін, мен менталыдқ арифметиканы білмеймін ғой?
Егер балаңыз тобынан қалып қойса, ол үшін күрделі тақырыпты түсінуі және бекітуі үшін, біз оны тегін жеке сабаққа шақырамыз.
14. Егер бала ауырып қалса, онда қалай?
Онда сіз қосымша жеке сабаққа қатысуыңыз және оны төлеуіңіз қажет. Сабақтан жай қалып қоюға болмайды, өйткені бізде әр сабақта жаңа тақырып. Және бір сабақтан қалып қойып, бала ары қарай өте алмайды.
15. Біздің әдістемеміз қалған менталдық арифметика мектептерінен немен ерекшеленеді?
Басқа мектептерге қарағанда біздің басты ерекшелігіміз , біздің бағдарламамыз бойынша балалар бірінші сабақтан бастап менталдық есептеуді оқиды. Абакуста есептеу және менталдық есептеу бір-бірімен қатар жүреді (басқа орталықтардың балалары 5-8 сабақтан ғана бастап менталды есептей бастайды, бұл бірінші деңгейдің ортасы. Қорытындысында бірінші деңгейді бітіргенде балалар тек бір қатарлы 3,5,8 және қосмәнді бірдей 22,44,11 есептерді есептей алады. Бұл ретте абакуста қосмәнді әр түрлі 13,85,24 есептерді шешеді. Басқа орталықтарда менталдық есеп ұзақ уақытқа қала береді)

Көптеген менталдық арифметика мектептері өз балаларын екі ай тек қана қосуды, содан кейін бөлек азайтуды оқытады . тек 3-4 айдан кейін ғана балалар бір уақытта қосумен және азайту мен есептерді шешуге уйренеді. Біздің балалар бірінші сабақтан бастап бір уақытта қосу және азайту есептерін шешеді.

Әр сабақ бірегей, өйткені баалалар әр сабақта жаңа тақырыпты өтеді.

Осыған ұқсас басқа меткептерге қарағанда , біз бір топта түрлі деңгейдегі оқушыларды бір уақытта оқытуына жол бермейміз.

Бізде бірегей Online кабинетіміз бар. Онда нұсқаушы үй тапсырмасын орындауды тексере алады, ал оқушы есептерді беру жылдамдылығын реттей алады.

8-16 жас тобының teen балалары үшін бірінші деңгейде менталдық арифметика бағдарламасына жылдам оқу жаттығулары енгізілген. Бұл балаларға ынталылықты, зейінді, фотографиялық жадты дамытуға, перифериялық көру қабілетін кеңейтуге қосымша көметкеседі.
16. Бала менталдық арифметика сабағын аяқтағаннан кейін біраз уақыттан соң барлығын ұмытып қалуы мүмкін бе?
Жоқ, бұл біз ойды жаттықтыруды ерте жастан бастауымыздың негізгі себептерінің бірі. Қазіргі бастан өз ой қабілеттерін дамытып жатқан балалар оларды мәңгі сақтайды. Олар MAilim бағдарламасы бойынша оқыған кезде дамытқан ой қабілеттерін әрқашан пайдаланатын болады. Олар, әрине, есептерді аздап баяу шешетін болады, бірақ бұл бәрібір менталдық арифметиканы игермен адамнан он рет жалдам болады. Бұл велосипед тебуге немесе музыкалық аспапта ойнауға біржола үйренгенге ұқсас.
17. Балалар сертификаттар алады ма.
Иә. Менталдық арифметиканың әр деңгейін өткеннен кейін біз балалардан емтихан қабылдаймыз және сертификаттарды береміз. Сондай-ақ, бізде қалалық, республикалық және халықаралық олимпиадалар өткізіледі, олардан кейін де балаларға сертификаттар беріледі.
18. Сіздердің нұсқаушыларыңыз оқытудан өтті ме?
Біздің педагогтар бас офистің жетекші мамандарынан MAilim менталдық арифметика бағдарламасы бойынша оқытудан өтіп, MAilim офистерінде балаларды оқытуға құқық беретін сертифифкаттарды алған.
19. Сіздегі әдістеме кімдікі?
Біздің бағдарлама екі әдістемеге негізделген: түрік және малазиялық. Және біз олардан ең жақсысын алып, қажет емесін алып тастадық . Мысалы: түрік әдістемсінде балалар ең алдымен қосуды, содан кейін азайтуды өтеді, біздің балалар плюс пен минустарды бір уақытта оқиды. Ал малазиялық жүйеде балалар менталдық есептеуді оқуға бір айдан кейін кіріседі, оған дейін олар шоттарда есептеуді оқиды. Біздің ойымызша, біздің міндетіміз, балаларды ең алдымен менталдық, яғни, ойда, есептеуге оқыту. Сондықтан біздің балалар бірінш сабақтан бастап менталдық есептей бастайды.
20. Мен баламды апарғым келеді, қашан келуге болады?
Біз аптасына 7 күн демалыссыз және түскі үзіліссіз жұмыс істейміз және сіз үшін ыңғайлы уақытты таңдаймыз.
21. Сіздерде лицензия бар ма?
Бізде осы әдістемеге авторлық құқықтарды тіркеу бар және ол ҚР Әділет және білім беру министрліктерінде тіркелген.
22. Алғашқы нәтижелер қашан болады ?
Тікелей алғашқы нәтижелерді ата-аналар шамамен үш айдан кейін көре алады, бірақ ол үшін бала нұсқаушы үйге берген жаттығу тапсырмаларын күнде орындауға тиіс. Сондай-ақ, тіпті 7-ші сабақта баланың жазу жылдамдылығы 2-3 есе артады.
Мысал: 6 жастағы бала бірінші сабақта минутына 12-16 белгіні жазады, 7-8 сабаққа қарай жазу жылдамдылығы 2-3 есе өседі.

1-ші оқу жылы: үш-төрт мәнді сандарды 10 амалға дейін қосу, азайту. Ойда клькулятордан жылдам.
Мысал: 4 секунд ішінде шеше алады 763 + 1571 + 146 =?

2 - ші оқу жылы: үш-төрт мәнді сандарды калькулятордан жылдам көбейту.
Мысал: 3 секунд ішінде шеше алады 197*403=?

3 - ші оқу жылы: пайыздар және санның квадрат түбірін есептеу.
Бірінші деңгей 3-4 айды алады. Оның соңында балалар қосмәнді әр түрлі есептерді шешетін болады.
Мысал: 4 секунд ішінде шеше алады 12 + 35 + 52 - 84 =?

Бірінші оқу айы туралы 7-8 жастағы балалары бар ата-аналарға түсіндіреміз.
Бірінші ай: балалар бір қатарлы есептерді шеше алады.
Мысал: 3 секунд ішінде шеше алады 2+2+5-7 =?

3 айдан кейін бала қосмәнді әр түрлі есептерді менталдық шеше алады!
Егер 3 айдан кейін бала қосмәнді әр түрлі есептерді менталдық шеше алмаса, біз ақшаңызды қайтарамыз.
23. Менталдық арифметика қисынды, қиялды қалай дамыта алады?
Зейінді шоғырландыру: балалар олардың көңілін басқа жаққа аударатын барлық нәрседен абстракцияланып, нақты тапсырмаға шоғырланады. Осылайша, бір уақытта бірнеше ойлау үрдістер түрлеріне еліктірілгендік дамытылады және жаттықтырылады.

Байқағыштық және есту қабілеті: флеш-карталармен жұмыс істеу арқасында (зияткерлік жаттығу құралдарының бірі) арифметикалық есепті шешкен кезде, сандарды өндеу үрдісін бастау үшін балаға тек қана тапсырмасы бар карточкаға қарау қажет. Уақыт өткен сайын бұл оның байқағыштығын айтарлықтай жақсартады. Баланың есту қабілеті де жақсарады. Оқытушы айтатын сандар қайталанбайды, сондықтан бала оларды тек арифметикалық есептерді шешкен кезде ғана естиді.

Қиял және елес: жаттығудың ерте кезеңдерінде балалар ойында шоттарды елестетеді және көп кешікпей олардың бейнесін есептерді шешкен кезде пайдалана бастайды. Қиял және елес техникасын ұзақ уақыт ішінде пайдалану баланың ойлау үрдістері сапасын мәнді жақсартады.

Жад: сабақтар кезінде бала шоттардағы түрлі амалдарды, суреттер сияқты жаттап алады. Кез келген арифметикалық амалдан кейін және түпкі нәтижені есептеу алдында, ол қиялдағы абакус көмегімен құрылған әр бейнені лезде жадта бекіте бастайды. Осы жаттығу техникасы ұзақ уақыт ішінде пайдалану фотографиялық жад қабілетін жақсартады.

Есептеу жылдамдылығы және дәлдігі: MAilim жыдамдықты жаттықтыруларды қарқынды пайдаланады. Біртен-біртен, қадам-қадаммен, балаға бір деңгейдегі есепті шешу үшін неғұрлым қысқа уақыт кезеңі беріледі. Осы техника балаларды берілген уақытты, есептеу дәлділігін естен шығармай, дұрыс үлестіруге үйретеді. Ғажап ойда санау қабілеттерін дамыту: бұл MAilim бағдарламасы көмегімен жаттығудың абсолютті табиғи және болжанатын нәтижелері – балалар есептерді оңай және қызығушылықпен қабылдайды. Әдеттегідей, олар арифметикалық есептерді калькулятордан жылдам шешу қабілеттілігін дамытады.

Шығармашылық қабілеттігін ынталандыру: MAilim жұмысы нәтижесінде бала қиял және елес дағдыларын, сондай-ақ, жадты, зейінді және зияткерлік белсенділіктің басқа параметрлерін дамытады. Есепті шешуге деген шығармашылық көзқарас пен шабыт оған кез келген тапсырманы орындауға көмектеседі.

Өз-өзіне сенімділігін дамыту: бала бағдарламамен өз жұмыс нәтижелерін түрлі адамдарға көрсетеді, республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысады, өз зияткерлік қабілеттерін дамытады. Ата-аналар, мұғалімдер, құрадстары және айналадағы адамдар тарапынан көрсетілген қолдау және көтермелеу арқасында, ол шабыттанушылықты және өз күшіне сенімділікті сезінеді, бұл кейіннен оған баға жетпес пайда әкеледі.
24. Егер менің балам сандарды білмесе?
Онда біз балаңызды Baby тобына белгілейміз, онда біз балаға ең алдымен сандарды, содан кейін менталдық арифметиканы оқытамыз.
25. Бала каникул кезінде қарқынды курсты өте алады ма?
Мысалы, сабаққа күнде барса? Дағдыларды бекіту біртіндеп жүргізіледі. Әр бала белгілі бір техникамен жұмыс істейді. Егер сабақтар қарқындылығын аптада бір реттен көп ұлғайтса, баланың тапсырмаларды орындауға және дағдыларды жаттықтыруға қажетті уақыты қысқартылады. Жазғы кезеңде бала аптасына екі рет оқи алады, бірақ, бұл жағдайда оның дағдыларды күн сайын жаттықтыруға жүктемесі ұлғаяды.
26. Менің балам математиканы жақсы түсінеді және сыныпта ол математика бойынша ең мықты оқушылар қатарында. Оған менталдық арифметика сабақтары әлі қажет пе?
Менталдық арифметика – бұл математикалық бағдарлама емес екендігі ұмытпау қажет. Бағдарламаның негізіндегі басты мақсат балаларды санап оқыту емес – бұл тек қана бала бағдарламаны бітірген соң алатын бонус немесе сыйлық. Ең бастысы – бұл баланың жалпы зияткерлік дамуы. MAilim орталығында алынған ойлау қабілетттерді және дағдыларды күнделікті пайдалануға болады.
27. Менің балам барлық бағдарламаныбітіруге тиіс пе, немесе ол қандай-да бір деңгейде тоқтала ала ма?
Әрине, сіз кез келген кезде тоқтала аласыз. Бірақ барлық бағдарламаны меңгеру және барлық қажетті дағдыларға үйрену үшін балаға үш жыл оқу қажет. Осы үш жыл ішінде ол оқуға және жаттығуға тиіс, ал оқу аяқталған соң оған осыны қайталау қажет болмайды.



Жылдамдығы оқылымда туралы сұрақтар




1. Менің балам өте нашар оқиды. Оны сіздердің курстарыңызға әкелуге бола ма? Мектептегі мұғалім жылдам оқу курстан кейін одан жаман болады, жалғауларын тастап кетіп немесе ешнәрсені түсінбей оқиды деп айтады....
Егер сіздің ойыңызша «нашар оқиды» дегені баяу оқу, оқығанын түсінбеу, әріптерді, буындарды шатыстыру, жалғауларды ойдан шығару болса, онда Сізге біздің курсымыз тіпті қажет деуге болады. Мұғалім жылдам оқу курсына баруға болмайды дегенде, ол ересек адамдарға арналған курстар туралы айтқан шығар? Ересектерге арналған курс 14 жастан асқан жасөспірімдерге беріледі. Бірақ мұндай пробемалармен де жұмыыс істеу қажет емес. Осы қиындықтарды еңсеру үшін баланың оқу техникасымен жұмыс істеу қажет. Біз осында баланы дұрыс оқуға, әріптерді шатыстырмауға, жалғауларды толық оқуға үйретеміз, буындар бойынша оқудан бір сарынды оқуға көшеміз, түсүнуді, есте сақтауды және баяндауды оқытамыз. Жылдам және қате оқу – бұл ешкімге қажет емес, сондықтан – дұрыс, бір сарынды оқуды, оғығанды түсінуді оқытамыз, содан соң жылдамдылықпен жұмыс істейміз.
2. Ал менің баламның нәтижесі қандай болады? (нашар оқитын баланың)
Жаттығудан кейін әрқашан нәтиже болады. Барлық балаларда нәтиже бар деп айта аламыз. Барлығы кіріскенде неден бастағанымызға байланысты. Егер бал әріптерді, буындарды шатыстырса, үздік-создық оқыса, буындар бойнша оқудан бір сарынды оқуға көше алмаса- бұл бір жұмыс, біз оқу техниксын түзетеміз. Кейбір балалар дұрыс, бірақ баяяу оқиды - бұл жерде сөз оқу жылдамдылығын ұлғайтуда тұрады. Кейбір балалардың оқу жылдамылығы жақсы, бірақ олар оқығанын түсінбейді - түсіну, қабылдау қабілеттілігімен жұмыс істейміз. Осының барлығы кездесетін балалар да бар және бұл жағдайда кешенді жұмыс қажет. жалпы курс осы міндеттерді кешенді шешуге арналған, және кейбір балалармен біз курс ішінде барлық міндеттерді шешуге үлгереміз, өте қиын жағдайларда ең басты бір-екі міндетті шешеміз. Алайда, сіз қандай-да бір бағытта міндетті түрде нәтижені көре аласыз.
3. Сіздерде оқу неше жастан?
6 жастан, бала кем болғанда буындар бойынша оқи білуі тиіс.
4. Жылдам оқуға неше жастан оқытуға болады?
Сіз қандай жылдам оқу туралы айтқаныңызға байланысты. Біз 6 –жасқа дейінгі балалармен жұмыс істейміз- бұл оқу техникасы. Ары қарай, бала минутына 80 жуық сөз жылдамдылығымен оқуға үйренгеннен кейін, 4-5 сыныптан бастап ішінен оқудың келесі деңгейін – жылдам оқуды беру қажет. Жоғары сыныптарда, ақпарат көлемі өте үлкен, көп оқу және жаттау қажет болған кезде, әдеттегі оқу жылдамдылығы минутына 12- 170 сөз болады (бізде норма болып есептелетін ), бұл өте төмен оқу жылдамдылығы. Дәл осы жастағы балаларға жылдам оқу әдістемесін беру қажет, жасөспірімдер оны өте оңай меңгереді.
5. Менің балам жақсы оқиды, оған көмектескіміз келеді, жоғары сыныптарда көп тасырма береді ғой, біз тік бойлы оқу туралы естіген болатымыз …
Иә, жоғары сыныптарда ақпарат көлемі ұлғайған сайын, көп оқу және жаттау қажет болған кезде, әдеттегі оқу жылдамдылығы минутына 12- 170 сөз болады (бізде норма болып есептелетін ), бұл өте төмен оқу жылдамдылығы. Дәл осы жастағы балаларға жылдам оқу әдістемесін беру қажет, жасөспірімдер оны өте оңай меңгереді.
6. Біз 16 жастамыз, кеш емес пе?
Жоқ кеш емес, ересек адамдарға да арналған жылдам оқу курстары бар. Сіздер уақытында жүгіндіңіздер, жасөспірімдер осы әдістемені өте оңай меңгереді, олардың нәтижелері өте жақсы, оқу жылдамдылығын 5 және 10 есе ұлғайтуға болады.
7. Менің балам оқығанын түсінбейді, жылдам оқу курстары бізге көмектесе алады ма?
Иә, біздің жылдам оқу курстарымызда шешілетін міндеттердің бірі бұл оқығаны түсінумен, қабылдаумен жұмыс. Өйткені, ең басты мақсаты жылдам оқу емес, оқығанды ұғыну және меңгеру емес пе. Өкінішке орай, көптеген мектептерде мұғалімдер нормативтерді орындаймыз деп, бұны ұмытып кетеді, нәтижесінде бала жылдамдылық нормасын орындайды, бірақ оқығанын түсінбейді, есте сақтамайды және баяндай алмайды. Мен үшін оқығаны туралы баяндай алмайтын бала минутына 0 сөз оқиды, өйткені біз жылдамдылық үшін емес, түсіну үшін оқимыз. Сондықтан, осындай балалар үшін біз түсіну, қабылдау қабылеттерімен жұмысқа ерекше көңіл бөлеміз . Яғни, мұғалім әр оқушының міндеттеріне сәйкес, нақты балаға қажетті мәселелерге көңіл бөледі. Осыған орай, сіздің балаңызға қажетті топты анықтау үшін, біз курс алдында тестілеуге шақырамыз.
8. Сабаққа аптасына неше рет бару қажет?
Курс екі сағаттан 15 сабаққа созылады , аптасына 5 күн
9. Сабақ неше сағат өтеді?
Бір жарым-екі сағат.
10. Бір жарым сағат отыру өте қиын, балалар шаршамайды ма?(Сабақтар қалай өтеді?)
Шаршамайды. Балалар барлық бір жарым сағат бойы тек оқып қана отырмайды. Курс серпінді алмастырылатын жаттығулардан тұрады, мысалы, 10 минут тақтайшаларды оқиды, содан кейін 5 минут зейінді жаттықтыратын ойын, 5 минут кітап оқиды, 5 минут жадты жаттықтыратын ойын және т.б. Олар алаң болуға немесе зерігуге үлгере алмайды. Сабақтар ойын түрінде өтеді және балалар бір жарым сағаттың өтіп кеткенін білмей де қалады.
11. Топта неше адам оқиды?
Әр балаға көңіл бөлу үшін, топтар шағын, 4-6 адам.
12. Егер бала ауырып қалса, не істеу керек?
Сіз өткізіп жіберген сабақты келесі топпен (ондай болса) оқи аласыз, немесе жеке түрде жалғастыра аласыз.
13. Сіздер қандай әдістеме бойынша жұмыс істейсіздер?
Біз Зайцевтің, Бураковтың, Эдегейдің, Смотрицкийдің, Посталовскийдің әдістемелері бойынша жұмыс істейміз. Дәл сіздің балаңызға қажетті міндетке сәйкес, біз қажетті әдістемені таңдаймыз.
14. Менің балам аса белсенді, оған жеке оқу қажет шығар?
Біз сіз үшін шағын көлемді топты таңдай аламыз. Балаға топта оқу көңілді де қызықты болады, өйткені кейбір тапсырмалар топтық жарыстарды талап етеді. Және де, оқушылардың біреуі кітапты құмарлана баяндап отырғанын көргенде, оқуға ынтасы жоқ бала да қызыға бастайды.
15. Менің балам оқуды жек көреді. Оны оқуды ұнатуға дағдыландыруға бола ма?
Жиі балаларға физикалық тұрғыдан оқу қиын болғандықтан, олар оқуды жақсы көрмейді. Өздеріңіз де қандай- да бір қиын жұмысты ынтасыз орындайтыныңызды еске салыңыз. Сізге бұл ұнамайтын еді ғой? Бірақ сіз уәжді болғандықтан, оның қажет екенін түсінесіз. Ал кішкентай бала не үшін оны оған ұнамайтын қиын жұмысты орындауға мәжбүрлеп отырғанын түсінбейді. Сондықтан, біздің курста оқығанда ол оңай оқуды үйренеді, ол бұл қызықты екенін түсіне бастайды. Сонда оқуға сүйіспеншілік те туындайды. Сондықтан, ең басты міндеті дұрыс оқуға үйрету және бала үшін соншама күрделі үрдісті жеңілдету болып табылады.













×

Smart Baby Watch Q50

Your Name
Please let us know your name.

Subject
Please write a subject for your message.

Телефон
Введите номер телефона

Цвет
Напишите цвет

Your Email
Please let us know your email address.

Введите код(*)
Введите код
ОбновитьНеверный ввод